Түркістан облысында 8 дүкен көпбалалы аналарға азық-түлікті тегін таратып отыр
Түркістан облысында 8 дүкен көпбалалы аналарға азық-түлікті тегін таратып отыр
5 жыл бұрын 2516

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала басшыларына бірқатар тапсырма беріп, өңірдегі азық-түлік бағасын өсірмеуді, әлеуметтік дүкендерді ашуды тапсырған болатын. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Қазіргі таңда, облыс көлемінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік дүкендер көптеп ашылуда. 

Мысалы, Төле би және Келес аудандарында 8 әлеуметтік дүкеннің жұмысы қызу жүріп тұр. 

Атап айтар болсақ, үш дүкен Төле би ауданының Ленгір қаласы, Киелітас ауылдық округі мен Көксәйек елді мекенінде, бес дүкен Келес ауданының Абай, Біртілек, Ұшқын, Қошқарата, Ошақты ауылдық округінде орналасқан. 

Мұндай халық игілігі үшін маңызы айрықша дүкендерде демеушілер есебінен көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, күнделікті тұтынуға қажетті тұрмыстық тауарлар және киім-кешектерді тегін беріледі.

0 пікір
Мұрағат