Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?
|
Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалса, 19 жұмыс істейді. Бұл туралы bag.kz порталы хабарлайды.
· 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
· 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні (21-22 наурыз)
Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады
Биыл 8 наурыз дүйсенбіге келеді, сондықтан қазақстандықтар бұл мерекеде 3 күн – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасында) демалады.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 7 және 8 наурыз болады.
Қазақстандықтар 22 наурызда қалай демалады
Наурыз мерекесі, яғни 21 наурыз жексенбіге келеді, сондықтан демалыс күні 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылады.
Нәтижесінде биыл Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады - 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күндік жұмыс аптасында).
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурыз болады.
Осылайша, 25 наурыз - бейсенбіде жұмысқа шығамыз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады