Еліміздің балалар үйлерінде 8066 бала тәрбиеленіп жатыр
Еліміздің балалар үйлерінде 8066 бала тәрбиеленіп жатыр
8 жыл бұрын 2495

Балалар үйлерінде немесе жабық мекемелерде өсіп келе жатқан балалар өмірлерінің көбінде күйзеліс үстінде жүреді. Бұл туралы «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бибігүл Махметова айтып берді. 

Еліміздің барлық облыстарында жұмыс істейтін балалар үйлерінде бүгінде 8066 бала тәрбиеленіп жатыр. Әр қаладағы балалар мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан бала саны әртүрлі. Мәселен, Астана қаласында дәл осындай үш мекеме жұмыс істейді.

«Сәбилер үйінде» 0 жастан 4 жасқа дейінгі аралықтағы 80 бала бар. Ал балалар үйінде 135 бала өсіп келеді. Отбасылық типтегі SOS-балалар қалашығында 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Солардың 10%-ы – тұл жетім болса, қалған 90%-ының ата-аналары бар, бірақ, белгілі бір себептермен бала тәрбиесімен айналыспайды.

Б.Махметованың айтуынша, балалардың ірікомплектілі балалар үйлерінде өскені жақсы. Ондай үйлер Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жұмыс істеп тұр.

Балалар үйлеріндегі балалар көп жағдайда үрей мен күйзеліс үстінде жүретін көрінеді.

«Әрбір бала өзін асырап алатын, алдын-ала дайындықтан өткен отбасына еш қиындықсыз сіңісіп кетуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Ол жаңа отбасында мінезі ашылып, өзіне қажетті ата-ана мейірімін, махаббатын қабылдағанын қалаймыз», – деп тоқталып өтті ол.

0 пікір
Мұрағат