Елбасы жерді сату мен жалға беру турасындағы дауға қатысты пікір білдірді
Елбасы жерді сату мен жалға беру турасындағы дауға қатысты пікір білдірді
8 жыл бұрын 6553

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. Бұл норма ел азаматтарына биылғы 1 шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлерін аукционда сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қоғамда пікірталастар туғызған еді, себебі наразылық білдірушілер жерді шетелдік азаматтар иемденіп алуы мүмкін деген ойда.

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

"Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет - жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек. Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты", - деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаңа норманы толық түсінбеу және бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты.

Ал осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері жерді аукционнан тек Қазақстан азаматтарының сатып ала алатынын, ал шетелдіктердің 25 жылға жалға алуына болатынын түсіндірген еді.

5 пікір
  • Қазақтың 25 жыл есін жинатып, енді 25 жылда Қытайға құл қылайын деген ел агаларына 1000 рахмет. Бастарың жақсы жумыс жасайды екен, )))))
    8 жыл бұрын
  • Неге алдай береді халықты? Қазақстанның азаматтығын алу үшін 5 жыл жеткілікті ғой. 25 жылға жалға алған Қытай 5 жылдан соң азаматтық алып, жерді жеңілдікпен сатып алады. Сонымен жер Қытайдың жері болады. Баспанасыз жүрген қазақ көп. Басшылардың бәрі өз қалтасын ойлап отырғаны анық қой. Бұл жерді ата бабамыз осылай талан таражға салынып сатылуы үшін қанын төккені ма сонда!
    8 жыл бұрын
  • Перғауындык билик осы, халықты езу.Еш көнбеу қажет, ешнарседен корыкпау керек. Қытайға кор болғанша, өлген артық, қыздар солай деп отырмыз, жигиттер не дейсіздер?????
    8 жыл бұрын
  • Шын халықты ойласа, сол жерлерді берсін жекешелендіріп берсін қара халыққа. Жүр ғой қанша қазақ бола тұрып, Қазақстанда бір соттық жері жоқ.
    8 жыл бұрын
Мұрағат