Газа секторын қалпына келтіруге 5,4 млрд доллар бөлінетін болды
Газа секторын қалпына келтіруге 5,4 млрд доллар бөлінетін болды
10 жыл бұрын 2758

Израил басқыншылығынан адам шығынын былай қойғанда  инфрақұрылымы қатты зардап шеккен Газа секторын қалпына келтіруге қатысты Мысыр астанасында өткен халықаралық конференцияның нәтижесі бойынша 5,4 млрд доллар бөлінетін болды. Бұл жайында Норвегияның Сыртқы істер министрі Берге Бренде осы мәселеге қатысты келіссөз соңында мәлімдеді. «Келіссөзге қатысқан тараптар шамамен 5,4 млрд доллар бөлетін болып келісті. Бұл қаржының жартысы Газа секторын қалпына келтіруге және палестиналықтардың күнделікті қажетін өтеуге жұмсалады», - деді Берге Бренде. Каир қаласында өткен жиынға әлемнің елу елі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

0 пікір
Мұрағат