Жануарлар әлемі: Севильедегі коррида: Матадор өлім аузынан қалды (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Севильедегі коррида: Матадор өлім аузынан қалды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3026 inform.kz

Испаниядағы Севилья қаласында коррида кезінде  бұқа мүйізімен матадорды көтеріп алып, онымен бірнеше секунд жүгіріп өткен күйі жерге лақтырып жіберді.

Жапа шеккенді тексерген дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқтығын айтты, деп хабарлады "Россия 24". Алайда ақ халаттылар матадордың өлім аузында болғанын атап өтті.

Өткен күзде басқа бұқа бұл матадордың езуін жырып, екі тісін сындырған еді. Алайда, ер адам өміріне қауіпті бұл жұмысынан  бас тартқысы келмейді. 

0 пікір
Мұрағат