Дінсіздерге арналған зират ашылды
Дінсіздерге арналған зират ашылды
8 жыл бұрын 3727 Baq.kz, Lenta.ru

Швецияның Бурлэнге қаласында діни нанымы жоқ адамдарды жерлеуге арналған зират ашылды. 

Мұндай зираттың ашылуына Джозеф Эрдем (Josef Erdem) есімді қарапайым ұстаз мұрындық болған. Ол мұны адамдар көктасы қандай болуы керектігін өздері шешкені дұрыс деген пікірімен түсіндірді. Осындай ұсыныспен азамат Швецияның ірі христиан шіркеуіне жүгініп, сол жақтан қолдау тапқан.

Хабарламада айтылғандай, зират маңында діни белгілері бар ескерткіштер орнатылмақ, алайда, зираттың өзі діни нанымнан аулақ болғанды қалайды. Әзірге мола бос, бірақ, учаске сатып алу үшін бірнеше адам қызығушылық білдірген..

2015 жылғы статистикаға сенсек, Швеция дінсіздер саны жағынан Қытайға жол беріп, әлем бойынша екінші орынға тұрақтаған еді. Gallup International мен WI Network of Market Research агенттіктері жүргізген сауалнамаға қатысқандардың 76%-ы атеист екендерін айтқан.

2016 жылдың мамырында АҚШ-тың Майами университетінде атеизмді зерттеумен айналысатнын арнайы кафедра ашылғаны хабарланды. Осы кафедраны ашуға екі миллион доллардан аса қаржыны 83 жастағы бизнесмен Луи Аппиджиан аударыпты.

1 пікір
  • BQ
    Ақымақтар неткен көп бұл дүниеде. 2 млн. долларға қаншама біздің елде адамның проблемасын шешуге болар еді... Маған осы сомадан 15 мың АҚШ долларын берсе, өз шаруамды бастар едім Ин Ша Алла.
    8 жыл бұрын
Мұрағат