Тағы бір "қылмыс" терроризммен теңестірілді
Тағы бір "қылмыс" терроризммен теңестірілді
1 ай бұрын 994 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяда жұмыстағы әріптесіне немесе жұмыс берушінің, басшы адамның қоластындағыларға қастасып, дөрекелік танытуы, шеттетуі, келемеждеуі, тұқыртуы, т.б. терроризм түріне жатқызылып, мұндай әрекетке барған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалатын болады. Сондай-ақ, әріптесіне жала жауып, тіл тигізуі, ол туралы қауесет таратуы, жеке басының мәліметтерін жариялауы, қандай да бір әрекетке мәжбүрлеуі, т.б. әрекеттері үшін 30 млн вонға (кәрістердің ұлттық валютасы - ред.) дейін (25 мың доллар шамасындағы ақша - ред.) айыппұл салынады және 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Зардап шеккен, яғни, жәбірленуші өтемақы өндіріп ала алады. Өзіне қиянат көрсеткен адамнан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, таңғы шық елінде әріптесін немесе қоластындағы қызметкерін қорлау әдеттегі көрініске айналған әлеуметтік деңгейдегі дерт. Аталмыш елдегі бұл проблемадан қызметкерлердің шамамен 70%-ы зардап шегіп отыр. 

0 пікір
Мұрағат