Өзбекстанда ажырасу процесі өзгертілді
Өзбекстанда ажырасу процесі өзгертілді
6 жыл бұрын 3146

Өзбекстанда ажырасу процесіне тағы да өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап. 

Отбасы кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, енді АХАТ пен сот ажырасуға өтініш білдіргендер туралы татуластыру комиссиясына хабарлау керек.
Атап айтқанда өзгерістер Отбасы кодексінің 40 және 210-баптарына енгізілді. Ажырасуға келген ерлі-зайыптылардың жарасуға кеткен уақыты өз мақсатында жұмсалмағанда, бұл екі жаңа өзгеріс "волокита" проблемасын шешуі тиіс.

210-баптың жаңа редакциясына сәйкес, АХАТ-тар ажырасуға өтініш білдірген күннен бастап, 3 күннен кешіктірмей ерлі-зайыптылардың мекенжайына қарасты татуластыру комиссиясына оларды жарастыру үшін тиісті шараларды қолдануға жазбаша хабарлама жіберу керек. Егер ажырасатын ерлі-зайыптылар бір жерде тұрмаса, онда екі жақтың да татуластыру комиссиясына хабарлама жөнелтілуі тиіс.

Ал, Отбасы кодексінің 40-бабындағы (Некені сот тәртібі бойынша бұзу) өзгерістер соттарға да үш күн ішінде татуластыру комиссиясына жазбаша хабарлама жіберуді қарастырады.

2013 жылдан бастап, республикада азаматтардың ажырасу себебін анықтап, отбасын сақтап қалуы үшін татуластыру комиссиясы жұмыс істейді.

Ресми статистика деректеріне сәйкес, Өзбекстанда 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында АХАТ бөлімдерінде 96,3 мың неке қию (бір жыл бұрын 92, 4 мың), ал 15,6 мың (2016 жылы 14,8 мың) ажырасу тіркелді.

0 пікір
Мұрағат