|
Ораза ұстауға тыйым салды
|
Қытайдың Синьцзян аймағында жергілікті билік Компартия мүшелеріне, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға тыйым салды. Синьцзян аймағының түрлі ресми сайттарында шенеуніктерге, мемқызметкерлерге, педагогтарға, студенттерге және мектеп оқушыларына ораза ұстауға тыйым салынатыны жөнінде ескертулер пайда болды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «International Business Times» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ол ол ма, кейбір қызметкерлерден осы айда ораза ұстамау жөнінде қолхат алып жатыр. Сондай-ақ, саудагерлерден қасиетті Рамазан айында күндізгі уақытта сауда орындарын жаппауды және дүкен сөрелерінде ішімдік пен темекі өнімдерін тізіп қоюды қатаң талап етіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Еуропа еліндегі мешіттерге әр 5 күн сайын бір шабуыл жасалады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Нұрлан имамға интернетте уағыз айтуға ресми түрде рұқсат етілді
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады