Мекке губернаторының мәлімдемесі
Мекке губернаторының мәлімдемесі
7 жыл бұрын 3143 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Мекке шаһарының губернаторы әрі киелі екі мешіт қамқоршысының кеңесшісі, ханзада Халид әл-Файсал Харам мешітіне кіргісі келетіндерді ұлтына, жынысына, азаматтығына қарап, алаламайтынын жеткізді. Мекке басшысы осылай деу арқылы араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында таралып кеткен қауесетті жоққа шығарды. Яғни, "саудиялық күштік құрылым қызметкерлері катарлық қажыларды аталған мешітке кіргізбей қойды" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Катарлық адам құқығы жөніндегі комиссия азаматтарының шағымын қараған болатын. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ханзада қажылық парызын өтеуге келгендерге барынша жағдай жасайтынын тағы бір мәрте айтты. 

0 пікір
Мұрағат