Түркістанның соңғы әулиесі – Әбул-ас ибн Әбілхайыр әт-Түркістани
Тоқсаныншы жылдары Түркістанға оқуға барғанымызда, құбылаға қарап жығылғанның бәрі Мақсұм бабаны пір тұтатын. Жұма сайын мешітте басына сәлде ораған, қаптал шапанды қарияны сыртынан ғана көретінбіз. Ойлы көздері, нұрлы өңі, асықпайтын баяу қимылы, жұрттың алқалауына мән бермейтін қарапайымдылығы...