Таулар − жер бетіндегі жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және жақпарлы құрылымды бөлік.
Қасиетті Құранда таулар жайында мынандай мәліметтер кездеседі: «Біз алғашында бұл аманатты көктер мен тауларға бергенімізде, олар қорқып, оны алып жүруден бас тартты, адам баласы ғана өзіне қабылдады» («Ахзаб» сүресі, 72-аят).
Қазіргі уақытта ғалымдар таулардың жер астына кіріп тұрған бөліктерінің (айс-бергтер тәрізді) анағұрлым үлкен екенін әрі бұның жер бетіндегі орнықтылық пен тепе-теңдікті ұстап тұрғанын анықтады. «Тауларды қазық қылып қақпадық па?» («Нәба» сүресі, 7-аят); «Жерді теңселтпесін деп мығым таулар орналастырдық» («Әнбия» сүресі, 31-аят) деген аяттар осыны меңзеуде.