Түркістанда шұбаттың құрғақ түрі шығарыла бастады
Түркістанда шұбаттың құрғақ түрі шығарыла бастады
5 жыл бұрын 3109

Түркістандық кәсіпорын шұбаттың құрғақ түрін шығара бастады. Бұл жалпы құны 7,5 млрд теңге болатын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы. Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі 24.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Зауытта күніне 100 тонна шикізат алынып, құрғақ сүт арнайы ыдыстарда сақталады. Бір құтыға 330 грамм ұнтақ салынады. Оны сумен араластырып, 3 литр шұбат алуға болады. Қажетті шикізат жергілікті түйе шаруашылықтарынан сатып алынады. Қазір Түркістан облысында 500-ден астам кәсіпорын азық-түлік өндірісімен айналысады.

«Бұл цех қазір ең соңғы заманауи техникамен жабдықталған, барлығы автоматтандырылған. Бүкіл құрылғылар цифрлық технологиямен басқарылады. Цехтің негізгі міндеті - сүтті қабылдап алғаннан кейін өңдеу процестері жүргізіледі. Сеператормен тазаланады. Одан кейін пастерилизация жүргізіледі. Ең соңында таза сүтті біз келесі цехқа жіберіп, сосын порошок қылып шығаруға дайындаймыз», - дейді өңдеу цехының жұмысшысы Аршын Ғабиден.

0 пікір
Мұрағат