Қарағанды: «Zoom sushi-pizza» дәмханасы халал сертификатын алды
|
Қарағанды қаласына арнайы іс-сапармен барған «Халал Даму» директоры Айбек Аташев пен технолог мамандар облыстың бас имамы Өмірзақ Қазкенұлымен кездесті.
Екіжақты кездесу барысында өңірдегі халалдың хал-ахуалы талқыланып, жергілікті кәсіпкерлер мен тұтынушыларға «ҚМДБ халал» стандартын насихаттау, сертификатталған мекемелер санын арттыру мәселелері қарастырылды. Жиын барысында кәсіпорындарға жүргізілетін кезекті бақылау-қадағалау шараларының жоспары талқыланды.
«Халал Даму» басшылығы мен мамандары қатысқан кездесу соңында облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы жергілікті «Zoom sushi-pizza» дәмханасына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «KazN- Group» кәсіпкерлігіне тиесілі «Zoom sushi-pizza» дәмханасы «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.
Айта кетейік, «Zoom sushi-pizza» дәмханасы «ҚМДБ халал» стандартына сай 19 түрлі суши және 11 түрлі пицца өнімдерін ұсынады.