Маңғыстауда "HFLY" фаст-фуд өнімдері, Қарағандыда "Данияр ет" дүкені сертификатталды
Маңғыстауда "HFLY" фаст-фуд өнімдері, Қарағандыда "Данияр ет" дүкені сертификатталды
4 жыл бұрын 2141 halaldamu.kz

Маңғыстау облысындағы "HFLY" қуырылған тауықтан жасалатын фаст-фуд өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.

Осыдан алдын "ҚМДБ халал" логотипін заңсыз пайдаланған кәсіпорын, бүгінгі күні ресми түрде сертификаттаудан өтіп, "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды.

Сертификаттаудан өткізу үшін "Халал даму" технологтары мен инспектор-контролер мамандары бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер зертханалық тексерістен өткізілді.

"HFLY" фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 05.03.2021-04.03.2022

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 32-шағын аудан, 15 үй

WhatsApp Image 2021-03-17 at 16.14.34.jpeg

WhatsApp Image 2021-03-14 at 17.19.05.jpeg

Қарағанды: "Данияр ет" дүкені сертификатталды

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы "Данияр ет" дүкенінің басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады.

Сертификаттау барысында күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін айта кете, мекемеге ай сайын тұрақты тексеріс жұмысын жүргізетінін ескертті.

Ет дүкені толықтай тексерістен өткізіліп 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша стандартталды.

Жауапты маманның қадағалауы мен бақылауындағы «Ибраев» кәсіпкерлігіне тиесілі «Данияр ет» дүкенінің өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына толықтай сай.

Қарағанды: "Данияр ет" дүкені сертификатталды

big_77222c4c14da26ae.jpg

big_3c75dddd51d88cf5.jpg

big_fd329cc856c56a73.jpg

0 пікір
Мұрағат