Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 сағат бұрын 61 halaldamu.kz naryk.kz kaz.inform.kz
АҚТӨБЕ: «ДӘМДЕС» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы «Otau Market» кәсіпорнының «Дәмдес» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикат өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Алмат Амангелдіұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпкерге халал сертификатын табыстады. 

«Сертификаттау барысында кәсіпорынның шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық өндірістік үдерісі мұқият тексеріліп, технологиялық процесстердің шариғат және «QMDB Halal» стандарттарына сәйкестігі анықталды. «Дәмдес» сауда белгісімен шығарылатын өнімдер құрамында тыйым салынған қоспалар мен ингредиенттердің жоқтығы расталып, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деді өкіліміз.

Алмат Амангелдіұлы өз сөзінде кәсіпорын басшылығы мен ұжымына адал еңбек етіп, халал стандарттарына сай жұмыс істегені үшін алғыс айтып, бұл сертификат тұтынушылардың сенімін арттыруға және отандық өнімге сұранысты көбейтуге септігін тигізетінін атап өтті.

«Otau Market» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 10.12.2024-09.12.2025 жж аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе, Гастелло көшесі, 2Е.

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 221,3 МЫҢ ТОННА ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІ ИМПОРТТАЛДЫ 

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан 369,2 млн долларға 221,3 мың тонна ет және ет өнімдерін импорттады. Осы кезеңдегі экспорт 181 млн долларға 66 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Осы санаттағы өнімдердің барлық импортының жартысы ет және құс етінің қосалқы өнімдері: 10 айда жалпы құны 147,8 млн долларды құрайтын 110,5 мың тонна құс еті импортталды, ал экспорт 58,3 млн долларды, яғни 35,3 мың тоннаны құрады.

Бұл ретте сыртқы нарыққа сиыр мен қой етінің жеткізілімі импорттан асып түседі. 10 айда жаңа сойылған немесе салқындатылған ірі қара мал етінің экспорты 17,3 мың тоннаны (72,7 млн доллар), мұздатылған ет – 286 тоннаны (1,5 млн доллар) құрады.

13,3 мың тонна (45,3 млн доллар) ірі қара мал еті (жаңа, салқындатылған немесе мұздатылған) экспортталды, импорт – 27 тонна ғана (161 мың доллар).

Жылқы еті мен шошқа еті экспортталмаған, импорт тиісінше 1,5 мың тонна (4 млн доллар) және 6 мың тонна (12,4 млн доллар) болды.

Ет өнімдерімен өзімізді қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен күйінде қалып отыр. 10 айда республикаға 164,1 млн долларға 92,4 мың тонна импортталды, жекелей тоқталсақ олар негізінен шұжық өнімдері – 112 млн долларға 39,4 мың тонна, консервілер – 48,2 млн долларға 50,9 мың тонна. 

naryk.kz

ҚАЗАҚСТАНДА ШҰЖЫҚ ПЕН ЕТ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ 54,5% ӨСТІ 

Қазақстанда шұжық өнімдерін, сондай-ақ соған ұқсас ет өнімдерінің өндірісі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 3,2% өсті. Осы уақыт ішінде отандық кәсіпорындар 51,9 мың тонна өнім өндірді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6 мың тоннаға артық (50,3 мың тонна). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Шұжық және ет өнімдерінің экспорты 54,5% өсті. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 315,6 тонна өнім жөнелтілді, ал 2023 жылғы сәйкес кезеңде экспорт 204,3 тоннаны құраған. Экспорттың негізгі көлемі Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Катарға жіберліген.

Импорт 2,3% өсім көрсетті. Аталған кезеңде елге 34,4 мың тоннадан астам өнім әкелінді. Өнімдер негізінен Ресейден, Беларустан, Қырғызстаннан және Канададан келді.

Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы 9 айында 86,1 мың тонна шұжық және оған ұқсас ет өнімдері сатылды, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7% артық (2023 ж. қаңтар-қырк. – 83,8 мың тонна). 

kaz.inform.kz

 

0 пікір
Мұрағат