Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1668 halaldamu.kz
«Asıa Spıce Technology» кәсіпорны сертификатталды 

«Asıa Spıce Technology» ет және сүт өндірісіне арналған тағамдық қоспаларды өндіруші кәсіпорын «QMDB Halal» сертификатына ие болды. 

«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі өнімдердің бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар — тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. Күнделікті қолданылатын бұрыш пен тұз да осы тағамдық қоспалардың қатарына жатады»,  — деген жергілікті өкіл Маратхан Чадаев «QMDB Halal» өнімдер тізімі «Asıa Spıce Technology» кәсіпорнының тағамдық қоспаларымен толыққанын жеткізді.

«Asıa Spıce Technology» кәсіпорны:
▪️Каррагинандар;
▪️Құрғақ сүт;
▪️Консерванттар;
▪️Дәмдеуіштер;
▪️ Ақуыздар;
▪️ Сүт ақуыздары;
▪️ Соя секілді тағамдық қоспа түрлерін өндіреді.  

«Asıa Spıce Technology» кәсіпорнының тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, технолог мамандар мен жергілікті өкілдің бірлескен жұмысының қорытынды нәтижесінен кейін «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

 

Қызылорда обл.: «MakiMaki Kyzylorda» фаст-фуд өнімдері сертификатталды 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті жұма күнінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жиылған барша жамағаттың алдында «MakiMaki Kyzylorda» фаст-фуд өнімдерін шығарушы мекемеге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Чингиз» ЖК «MakiMaki Kyzylorda» фаст-фуд өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында Қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021 стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сүлейменов көшесі, 58\69

 
0 пікір
Мұрағат