Қазақстанның сыртқы қарызы өсті
Қазақстанның сыртқы қарызы өсті
6 жыл бұрын 2891

Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылғы 1-тоқсанда 0,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 46,0 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен, Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысы бойынша таза кредиторлар болды, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.

Жалпы, 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 166,6 млрд АҚШ доллары, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 102,2% (жыл басынан бастап 2,8 %-ға жақсарып) болды.

Сыртқы борыш құрылымында 63%-ды бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 8% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 4% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ).

2018 жылғы 1-ші тоқсанда елдің сыртқы борышы 0,8 млрд АҚШ долларына қысқарды. Азаю негізінен Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеуге, сондай-ақ Қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуіне және соның салдарынан оларға сұраныстың құлдырауына байланысты болды.

Бейрезиденттердің қолдарындағы көлемі 1,4 млрд АҚШ долларын құраған Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттары кезең ішінде 3 еседен астам ұлғайып, ерекшеленді.

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 сәуірде 27,1 млрд АҚШ доллары болған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (банктер мен мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 1-тоқсанда 0,3 млрд АҚШ долларына азаю шетелдік еншілес ұйымдардан алынатын сыртқы қарыздарды игеруді жалғастыру Қытай банктері алдындағы кредиттерді мерзімінен бұрын өтеумен, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуімен теңестіру есебінен болды.

0 пікір
Мұрағат