|
Қазақстандықтар құмар ойындарға үш жылда триллион теңгеден астам ақша жұмсаған
|
Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға триллион теңгеден астам қаржы жұмсады, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
“2022 жылғы статистикаға сәйкес, 3676 суицид фактісі тіркелген. Олардың әрбір бесіншісін құмар ойындарға әуес адам жасайды”, – деп атап өтті фракциядан сайланған мәжіліс депутаты Руслан Берденов.
Атыраудағы дөңгелек үстел барысында депутат букмекерлік кеңселер мен құмар ойындарды қылмыс тудыратын елдегі ең күрделі мәселелердің бірі деп атады.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы 157-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Олардың 20% немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған.
Сондай-ақ, соңғы үш жылда біздің азаматтар құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған.
Талқылау барысында басқа елдердің мысалдар келтірілді. Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметіне тыйым салынады. Ал Оңтүстік Корея мен ҚХР-да құмар ойындарға ресми түрде тыйым салынады. Онлайн-казино ойыншылары түрме жазасына кесіледі. Сонымен қатар құмар ойындарға қатысты барлық интернет-сайттар қатаң цензураға ұшырайды және бұғатталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу