Қазақстанда қой басы 25 млн-нан асты
|
Қазақстан Республикасының ұлттық статистика бюросы келтірген дерекке қарағанда, еліміздегі қой басы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артып, 25,9 млн-ға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қой басының көптігі жағынан Түркістан облысы алда келеді – 5,9 млн; Одан кейінгі орындарға Жамбыл (3,9 млн) мен Алматы (3,2) облыстары жайғасқан. Қой басының ең көп өсімі елордада тіркелді – 39,4%-ға артқан. Керісінше, Алматыда қой басы 21,6 пайызға төмендеген. Айта кетерлігі, қойдың 48 пайызы тұрғындарының жекеменшігінде болса, тағы 47 пайызы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншігінде. Сонымен қатар, биылғы жылдың 5 айында ешкі саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсіп, 3,2 млн басты құрады. Қазақстан экспорттайтын ірі қара етінің 85 пайызы Түркістан облысында өндірілетінін айта кеткен жөн.