Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды
Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды
7 жыл бұрын 3441

Қазақстандық тасымалдаушылар пойыз билеттері тарифінің қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап билет бағасын қымбаттатуды жоспарлап отыр.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті 2017 жылдың 27 қарашасында жолдаған № 28-01-28/16308 хатының негізінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтің 7 пайызға көтеріледі», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері.

Тарифтер мына бағыттар бойынша көтеріледі:

- № 085/086 хабарлама бойынша «Астана-Сарыағаш»;

- № 021/022 хабарлама бойынша «Қызылорда-Семей»;

- № 313/314 хабарлама бойынша «Атырау-Манғышлақ»;

- № 339/340 хабарлама бойынша «Павлодар-Пресногорьковск»;

- № 373/374 хабарлама бойынша «Алматы-Жезказған»;

- № 603/604 хабарлама бойынша «Астана-Арқалық»;

- № 377/378 хабарлама бойынша «Алматы-Манғышлақ»;

- № 085/086 хабарлама бойынша «Қарағанды-Сарыағаш»;

- № 021/022 хабарлама бойынша «Алматы-Семей»;

- № 22/6941/6942/21 хабарлама бойынша «Алматы-Достық»;

- № 339-55/56-154 хабарлама бойынша «Павлодар-Қызылорда»;

- № 085/086 хабарлама бойынша «Карағанды-Сарыағаш»;

- № 021/022 хабарлама бойынша «Алматы-Семей»;

- № 22/6941/6942/21 хабарлама бойынша «Алматы-Достық»;

- № 339-55/56-154 хабарлама бойынша «Павлодар-Қызылорда».

Өз кезегінде «Түрксіб-Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко бағыттардың біреуіне тарифті жоғарылату туралы жоспарын айтты. «Бізде «Қостанай-Алматы» бағытындағы ғана пойыздың бағасы үш пайызға қымбаттайды», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат