Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар үшін мобильді қосымшаны əзірлеп, іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақстанда диабетпен ауыратындарға арнап мобильді қосымша жасалады
|
«Бұл жалпы практика дəрігерлерінің, эндокринолог мамандардың уақытын біршама үнемдеуге мүмкіндік береді. Себебі, көптеген мәселелер онлайн шешілуі мүмкін. Яғни, адамдарға ауруханаға келіп, кезекте тұру қажет болмайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қант диабеті проблемаларына арналған дөңгелек үстел барысында.
Министрдің айтуынша, мобильді қосымша тексеру сапасын арттыруға, пациенттердің дəрі-дəрмекті уақытылы қабылдауын қадағалап, диета режимі мен дене белсенділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Біртанов қант диабеті онкологиялық жəне жүрек-қантамыр ауруларымен қатар еліміздегі ең көп тараған аурулар бестігіне кіреді дейді.
Ресми мəліметке сəйкес, Қазақстанда 300 мыңнан астам пациент қант диабетіне шалдыққан. Ал ауруы анықталмағандарды есептегенде олардың саны 2 есеге артуы мүмкін. Жəне пациенттер саны жыл санап артып келеді.