Қазақстанда ату жазасы бір адамға ғана берілуі мүмкін
Қазақстанда ату жазасы бір адамға ғана берілуі мүмкін
8 жыл бұрын 6180 stan.kz/ Джохар Өтебеков

Қазақстандық заңгер Джохар Өтебеков елімізде өлім жазасына лайықты айыптылар болса, колониялардың ешбірінде ату жазасына кесілген бірде-бір адам жоқ екеніне сенімді.

“Тіпті, президент өлім жазасына жарияланған мораторидің күшін жойған күннің өзінде, ол ауыр жаза ешбір адамға тағайындалмайды. Бұл судьялар үшін емес, қаскөйлер үшін. Мораторий судьялардың өлім жазасын тағайындауына кедергі келтірмейді. Бұған қылмыстық кодексте мүмкіндік берілген”, – деп жазады ол Facebook парақшасында.

Соттарға кедергі болып тұрған Конституциядағы 15 бап еді. Оны 2007 жылы 21 мамырда депутаттар өзгертті. Сол уақыттан бері ауыр жаза тек теракт жасап адам өліміне себепкер болған адамға ғана кесілуі мүмкін деп тұжырымдалды.

Кәмілетке толмағандарды зорлау, өлтіру қылмысына ең жоғары дегенде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Жұмсартылған жазаның екінші жағы бар. Сол себепті, 2007 жылға дейін өлім жазасына кесілгендердің жазасы өмір бойына түрмеде отыруға ауыстырылды.

Заңгер мұндай ауыр жазаға тек Алматыда полицейлерді қырып салған Күлекбаев ғана кесілуі мүмкін дейді. “Бұл биліктің оны террорист деп санап отырғанына байланысты” деді заңгер.

0 пікір
Мұрағат