Қазақстан Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты жағдайдың шиеленесуіне орай өз алаңдаушылығын білдіреді және барлық мүдделі тараптарды ұстамдылыққа шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Иерусалимді Израильдің астанасы деп тануға қатысты позициясын жария етті
|
Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Иерусалимнің қазіргі мәртебесінің сақталуын жақтай отырып, Қазақстан халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің 181 (1947), 242 (1967), 338 (1973), 2334 (2016) қарарлары, сондай-ақ 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасы негізінде палестиндік-израильдік реттеуге қолдауын растайды», - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Палестиндік-израильдік қақтығыстың шешімі 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекетінің құрылуын көздейтін «екі халыққа екі мемлекет» қағидасына сәйкес іске асуы тиіс.
«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатудың ажырамас шарты болып табылатын өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіру процесіне толық қолдауын көрсетуді жалғастырады», - деп жазылған хабарламада», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп таныған болатын.