Қазақстан ең кедей мемлекеттердің ондығына кірді
Қазақстан ең кедей мемлекеттердің ондығына кірді
7 жыл бұрын 8845

Уkраина сарапшылары  Еуропадағы ең кедей мемлекеттердің тізімін құрды. Бұл тізімге Қазақстан да енді. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Тізім құруда мемлекеттің орташа жалақысы мен төленетін салық мөлшері есепке алынды.  Аталған критерийлер бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен – Украина  (€190 = 74 мың теңге). Екінші орында – Молдава (€216 = 85 мың теңге). Ал, үшінші орында – Әзірбайжан (€232 = 91 мың теңге).

Қазақстан салық мөлшерін есептемегенде орташа жалақысы 136 мың теңгемен (€346)  7-орында тұр.

Сонымен қатар, ең кедей мемлекеттер қатарында Армения, Грузия, Белоруссия, Албания, Македония және Сербия бар.

Ең көп орташа жалақы  Швейцарияда — €4421(2 млн теңгеге жуық). Орташа жалақысы көп мемлекеттер қатарында Исландия мен Норвегия бар.

1 пікір
Мұрағат