2016 жылы Қазақстанда 140 840 неке тіркелген. Дегенмен, осы бір жыл ішінде 51 775 отбасы ажырасып кеткен. (140 840 некенің емес, жалпы алғанда ажырасқандар). Бұл туралы Қазақстан телеарнасының жаңалықтар қызметі хабар таратты.
Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемдегі "алдыңғы" он елдің қатарына кірді
|
Былтыр ОҚО 21 344 неке қиылып, 5067 отбасы ажырап кеткен. Ажырасу саны бойынша Алматы (5 963), Алматы облысы (5 137), ОҚО (5067), Қарағанды облысы (5 055) және ШҚО (4859) өңірлері алдыңғы орында. Сондай-ақ, ақпаратта ажырасулар статистикасы бірнеше жылдан бері жақсармай тұрғаны айтылған. Бұдан бөлек, жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде алиментке қатысты 191 000 сот актісі бар екені айтылған. 2016 жылғы отбасын құру мен ажырасулар саны өңірлер бойынша төмендегідей.
2016 ж. Үйленгендер/ ажырасқандар
АСТАНА Қ. 11 299/ 3 693
АЛМАТЫ Қ. 16 645/ 5 693
Ақмола облысы 4859/2391
Ақтөбе облысы 6 749/ 2 450
Алматы облысы 15 374/ 5 137
Атырау облысы 4 891/ 1 424
Шығыс Қазақстан облысы 10 231/ 4 869
Жамбыл облысы 8 067/ 2 471
Батыс Қазақстан облысы 5 030/ 1829
Қарағанды облысы 10 737/ 5 055
Қостанай облысы 5 627/ 3 125
Қызылорда облысы 5656/1 822
Маңғыстау облысы 5 590/ 1 470
Павлодар облысы 5 173/ 2 958
Солтүстік Қазақстан облысы 3568/ 2 051
Оңтүстік Қазақстан облысы 21 344/5067