«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады. Қазақстан мен БАӘ арасында әуе рейстерінің саны артады
«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады. Қазақстан мен БАӘ арасында әуе рейстерінің саны артады
3 жыл бұрын 1474 forbes.kz

19 қарашадан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы - Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда- экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе рейстерінің саны артады

Кезекті отырыста Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы тұрақты әуе қатынасын арттыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) Ақтау – Дубай және Шымкент – Шарджа бағыттарында 2 рейстен орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санын арттыру екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат