Қайрат Жолдыбайұлы негізін қалаған Kemel Adam бірегей білім ордасының ашылу салтанаты өтті
Қайрат Жолдыбайұлы негізін қалаған Kemel Adam бірегей білім ордасының ашылу салтанаты өтті
1 жыл бұрын 3014

Тамылжыған тамыз айының 30-ы күні шырайлы Шымкент қаласында сәулеті мен сәні келіскен бірегей жобаның нақты іске асуына арналған айрықша салтанатты шара өтті. Аталмыш жобаға тікелей бас-көз болған танымал қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлы жиылған дүйім жұрт алдында сөз сөйлеп, бүгінгідей жаһандану дәуірінде замануи білім берудің, ұрпақ тәрбиесінің мән-маңызына тереңірек тоқталды.

Ауқымды жобаның аты айтып тұрғандай аңдатпасында «Kemel Adam Qazaq School - 5 және 11 сынып оқушыларына арналған зияткерлік мектеп. Заманауи жабдықтар мен кәсіби кадрлармен жасақталатын білім ордасы балаларға құндылыққа негізделген пайдалы білім мен тәлімді тәрбие беруді көздейді.

Аталмыш мектеп жаратылыстану және гуманитарлық пәндермен қатар ең құнды игілік – тәрбиеге аса назар аударады» деп, тайға таңба басқандай етіп мақсаты мен міндеті көрсетілген. Өзгеше білім ордасының ресми ашылу салтанатына жиналған жұртқа аталмыш жоба турасында жан-жақты ақпарат берілді. Бұдан бөлек, өнері өрге басқан жарандар ән мен күйге бөлеп, салтанатты шараның сәнін асырды.

Ашылу салтанатынан видео: 

 

 

0 пікір
Мұрағат