Полиция қызметкеріне қарсы күш қолданса, 10 жылға сотталады
Полиция қызметкеріне қарсы күш қолданса, 10 жылға сотталады
8 жыл бұрын 3396

Кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды қажет деп таппайды, оған қоса бағынбай, қарсылық танытып, балағаттап,  тіпті күш қолданып жатады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды "BNews.kz" ақпарат көзі. 

Азаматтардың көпшілігі іс-әрекеттерін бағамдамайды. Полиция қызметкеріне қарсылық танытқаны үшін әрі кетсе айыппұл салар деп ойлайды. Шындығына келгенде жағдай одан да күрделі.

«Егер 2015 жылға дейін полицейге бағынбау әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылып келген болса,  қазір қылмыстық әрекет, яғни қылмыс деп саналады», деп мәлім етті ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

Полицейдің ар-намысына тигені үшін 75 тәулікке дейін қамауға алынады, ал күш қолданған жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ІІМ мұндай фактілердің әрқайсысын жіті тексеріледі. Әрі бұл қылмыстық істердің барлығы ерекше бақылауға алынған. 2015 жылы 592 рет полицейлерге қатысты күш қолданылса, соның 514-і сотқа жолданған.

0 пікір
Мұрағат