Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмектің төлемі тоқтатылады
Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмектің төлемі тоқтатылады
7 жыл бұрын 3743 7kun.kz cso-tacina.ru

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмектің төлемі тоқтатылады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков хабарлады.

Аталған бағдарламаның іс-шараларына сәйкес аудан, қала деңгейінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде түсіндіру жұмыстарымен атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар және арнаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары қамтылып жатыр.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау және жұмыспен қамту шаралары шешілетінін ескеріп, қосымша ассистенттер мен консультанттардың штаттық бірліктерін енгізу қарастырылып жатыр. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары халықпен кездесу, аудандық, қалалық басылымдарда мақала жариялау, ауыл әкімдерімен және учаскелік комиссияның мүшелерімен семинар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

0 пікір
Мұрағат