Елімізден тағы бір араб еліне тікелей рейс ашылды
|

Qatar Airways компаниясы биылдан қалмай, дәлірегі, 2019 жылдың соңына дейін Катарға тікелей әуе рейсін ашады. Бұл жайында Tengri Travel ақпарат көзі Қазақстан республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталмыш министрлік елімізге «ашық аспан» режимі аясында жаңа әуе компанияларын тарту жұмыстарын жүргізуде. «Нәтижесінде Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына тұрақты жеті рейсті және жеті жүк рейсін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтық база бекітілді», - деп айтылған аталған құзыретті орнынның хабар-ошарында. Qatar Airways әуе компаниясының аға вице-президенті Фатхи Аттидің айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейс осы жылдың желтоқсан айында ашылады. Бұл өз кезегінде жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхаттауға мүмкіндік бермек.




