Еліміздегі жерасты су қорының мөлшері белгілі болды
Еліміздегі жерасты су қорының мөлшері белгілі болды
10 ай бұрын 1707 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстан республикасының су ресурстары және ирригация министрлігі келтірген дерекке қарағанда, еліміздің жерасты суының қоры шамамен 40 млрд текше метрге жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ел тұрғындары жылына 1,2 млрд текше метр ауызсу тұтынады. Жер бетіндегі су көлемін ұлғайту үшін 2030 жылға қарай жалпы көлемі 2,6 млрд. текше метр суды сидыратын 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су шаруашылығы саласын цифрландыру, қазіргі заманғы су үнемдейтін технологияларды енгізуді ынталандыру және неғұрлым құрғақшылыққа төзімді дақылдарға көшу, сондай-ақ, ірі елді мекендерде тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, өнеркәсіптегі суды қайта пайдалану секілді шаралар да қарастырылуда. Орта Азия су ресурсы тапшы аймаққа жатады.

0 пікір
Мұрағат