АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТҮБІНЕН СУ ТАБЫЛДЫ
|
Сәтбаев университетінің гидролог ғалымдары Аралдың түбінде термальды су бар екенін анықтады. Бұл туралы Хабар24 ақпаат көзі хабарлады.
Ұңғылау жұмыстары 500 метр тереңдікте жүргізілді. Теңіздің құрғап кеткен бөлігінде жерасты ыстық суы табылды. Тіршілік көзі алқапты суғаруға жарамды болып шықты. Бұл жоба Аралдың оңтүстігіндегі экологиялық ахуалды қалпына келтіруге тиімді. Арал теңізінің құрғап кеткен бөлігінің астынан табылған сумен сол маңдағы 500 гектар жерді қалпына келтіруге болады. Атап айтқанда, сексеуіл алқабын көбейтіп, көгалдандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол жерден аң-жануардың бәрі су іше алады. Қазір ол маңда қарақұйрық, ақбөкен мен құлан бар. Құмның арасында пайда болатын оазис аймақтың климатына оң әсер етпек. Сөйтіп, экожүйені реттейді.
Дулат Қалитов, ғалым-гидрогеолог: - 500 метр тереңдікте бұрғыланған ұңғымадан секундына 8 литрден жерасты суы өздігіен шығатындай суы табылды. Судың минералдығы, былайша айтқанда тұздылығы 3,5 грамм бір литрге мөлшерінде. Нәтижесінде соларды қолдану арқылы Аралдың құрғап қалған құм болып, жаңағы жан-жаққа ұшшып жатқан құмдарында ашық жатқан жерде өсімдіктер өсіруге болады.
Бұрғылау жұмыстарын бастамас бұрын гидрогеологтар жоба әзірлеп алды. Одан кейін жарты жыл бойы Аралдың құрғап кеткен түбіне зерттеу жүргізді. Олардың жасаған математикалық есебі мен көрсеткіштері дұрыс болып шықты. Сондай-ақ, ғалымдар, үнемі 1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Арал теңізін құтқару» халықаралық қорымен байланысып отырады.
Болат Бекнияз, "Аралды қорғау" халықаралық қорының атқарушы директоры: - Қазіргі таңда ең күрделі мәселе, ол Оңтүстік Арал теңізі. Оңтүстік Арал теңізінде су жоқ, ол жерде шаң-тозаң көтеріліп адам денсаулығына кері әсерін беріп жатыр. Сол себепті, біздің жұмыстар, АҚШ-тың агентствосымен бірге, сол Арал теңізінің орнындағы экосистеманы қалпына келтіру өңдеу жұмыстары атқарылып жатыр.Жұмыстар 500 шақырым жерде болса да, біз нешетүрлі инновациядық методтарды жасап жатырмыз.
Ғалымдардың айтуынша, бұл ауылшаруашылық мақсатында экожүйені қалпына келтіруге арналған алғашқы жоба. Іске асып жатса оң өзгеріс әкеледі. Туризмнің дамуына үлкен үлес қосады.