|
Мұсылман жастар өзгеше рухани шараны қолға алды
|
Мавританияның мұсылман жастары «Бірге оқиық» деп аталатын өзгеше шараға ұйытқы болды. Мақсаты: арнайы кітапхана ашып, жұртшылықты кітап оқуға ынталандыру. Аталмыш шара аясында кітапханаға өздері оқып ұнатқан кітаптарын әкеліп, әсерімен бөлісіп, өзгелерге оқып көруге ұсынады. Яғни, кітап алмасу арқылы бір-бірінің білімін толықтыруды мақсат етеді. Кітапхана жазылған (тіркелген) кез келген адам бұл шараға қатыса алады. Аз уақыттың ішінде жуырда ашылған аталған кітапханаға түрлі жанрдағы жүздеген кітапты тарту еткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cмартфонмен басқарылатын, сағатына 31 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, салмағы 10 грамм тартатын робот құс (видео)
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Индонезиялық компания өз елінің қажылары үшін Меккеде қонақ үй тұрғызады
■
Магнитті шаңғы пайда болды (видео)
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті