Mәзһабтардың дүниежүзілік форумы өтеді
Mәзһабтардың дүниежүзілік форумы өтеді
8 жыл бұрын 2943 muftyat.kz

Мәскеу қаласында алғаш рет мазһабтарды жақындастыру мақтасында дүниежүзілік форум өтеді.

Форум «Исламның бірлігі – мұсылманның бірлігі» деген тақырыппен 18-20 қазан күндері өтеді деп жоспарлануда.

Форумға қатысушылар ең өзекті мәселелер бойынша сөз қозғайды. Форумға Таяу Шығыстағы діни ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге, Ресей Федерациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропа, Солтүстік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген өкілдер қатысады.

Ресей Ферерациясы Діни басқармасының өкілі былай деді: «Қазіргі таңда мұсылмандар Әл-кайда мен ИШИМ сынды террорлық ұйымдардың кесірінен түрлі қиындықтарды басынан өткеруде. Осы мәселелер жайлы бүкіл Ислам әлемі болып талқылап, жауап іздеу мақсатында аталмыш шараны ұйымдастырып отырмыз».

Ұйымдастырушылардың айтуынша мәзһабтардың жақындасуы үшін фиқһ ілімін зерттеу басты назарда болады екен.

0 пікір
Мұрағат