Жаңа тренд: неке жүзігінің орнына сағат
Жаңа тренд: неке жүзігінің орнына сағат
4 ай бұрын 1456 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің ерлі-зайыпты болуға ниет танытқан жас жұбайлар ​​ неке сақинасынан бас тартып, оны сәнді сағаттармен алмастыруда. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар сағаттар мәңгілік махаббаттың жаңа символына айналуы мүмкін, деп болжайды. Бұдан былай гауһар сақиналардың орнына сағаттар қолданылады. Неке қиырғанда. Осылайша араб жас жұбайлары ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді өзгертті. Сарапшылардың пікірінше, үйлену тойының әдет-ғұрпы мен жөн-жорылғысы өзгерген сайын адамдар сағаттарды инвестиция немесе мұраға қалдыратын бұйым деп қарамайды, сонымен бірге, мәңгіліктің жекеше символы ретінде де тани бастады. Ерлі-зайыптылар жүзікке қарағанда сағаттың дизайын ерекшелегі, даралығы, т.б. артықшылықтары қызықтырады. Олар сағат тілінің өлшемін, түсін, материалдарын, кірістірілген тастарды, жазуларды, гравюраларды немесе басқа ерекше элементтерді таңдай алады. Deloitte Swiss Watch Industry Insights 2024 есебінде респонденттердің 40%-ның үйлену тойы сияқты айрықша шаралар үшін сыйлық ретінде швейцариялық сағаттарды жиі сатып алатыны турсында дерек келтірілген. Көбінесе сағатты қалыңдық пен күйеу жігітке туған-туыстары тарту етіп жатады. Неке жүзігі 1948 жылы «гауһар мәңгі қалады» ұранын танымал еткен жарнамалық науқаннан кейін басталды. Асыл тастардың тартымдылығын жоғалтуы екіталай, соған қарамастан неке жүзігіне сұраныс төмендеп кеткен.

0 пікір
Мұрағат