Жамбыл облысында балалар арасындағы суицид үш есе көбейген. Шымкентте ата-ана құқығынан айыруға талап-арыз көбейген
Жамбыл облысында балалар арасындағы суицид үш есе көбейген.   Шымкентте ата-ана құқығынан айыруға талап-арыз көбейген
5 жыл бұрын 3131

Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы — 25,7%,  балаларға қатысты қылмыстар — 29,1%, ал суицид — 3 есеге көбейген. Бұл туралы arhar.kz ақпарат көзі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Шілде айының 26-ы күні өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды.

Облыста кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 12 облыстық, қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып, 1759 түрлі алдын алу іс-шарасы өткізілді. Алайда, бір де біреуінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ. Әлсіз профилактиканың екінші себебі — ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған. Үшінші себеп — жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі. Сондықтан, Үйлестіру кеңесінің отырысында аталмыш үрдісті жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Біріншіден, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және әлеуметтік оңалту жұмысын күшейту. Екіншіден, мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмыс форматын қайта қарау. Сондай-ақ, мектеп психологтары мен инспекторларының жұмысы үшін мектептердің оқу жоспарына жеке уақытты енгізіп, есепте тұрған балалар жеке топтарға бөлінеді.

Шымкентте ата-ана құқығынан айыруға талап-арыз көбейген  

Ал, ұрлыққа түсіп, қылмыс жасайтын жасөспірімдердің 90%-ы толық емес отбасының балалары.

Шымкентте азаматтық істер бойынша сотқа түскен талап-арыздың жартысынан көбі ата-ана құқығынан айыру, алимент мөлшерін азайту істері болып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз мәслихатында ауданаралық сотының судьясы Нұралы Сарқұлов мәлімдеді.

«Қазіргі таңдағы біз қарап жатқан негізгі талап-арыздардың жартысынан көбі ата-ана құқығынан айыру, алимент мөлшерін азайту және баламен көрісуді белгілеу мәселелері болып отыр. Ал, талап-арыз берді екен деп, бірден ата-ана құқығынан айырып тастай беруге болмайды. Өйткені, ұрлыққа түсіп, түнгі ойынханаларды аралап, қылмыс жасайтын кәмелетке толмағандардың 90 %-ы толық емес отбасы, яғни ата-анасы ажырасып кеткен отбасының балалары», - дейді ол. 

Сондай-ақ, 2019 жылдың алғашқы 6 айында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуына байланысты 103 әкімшілік іс түсіп, тиісті айыппұлдар салынған.

Айта кетейік, сот төрағасы Дәурен Сайхановтың айтуынша, 2019 жылдың алғашқы 6 айында сотқа 46 қылмыстық, 437 азаматтық істер бойынша сотқа арыз түсіп, оларға шешім шығарылған.

0 пікір
Мұрағат