|
Halaldamu.kz сайты іске қосылды
|
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Halaldamu.kz сайты іске қосылды. Бұл туралы Алматы қаласында өткен халал өнімдерінің жәрмеңкесі кезінде белгілі болды.
Сайтта Қазақстандағы халалға байланысты жаңалықтар, мақалалар, пәтуалар және халал сертификатын алған кәсіпорындардың тізімі бар. Сондай-ақ, аталған сайттан, халал сертификатын алған мекемелер жайлы толық ақпаратты алып және интерактивты картадан олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын қарай аласыздар.
ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің мамандарының айтуынша бұл сайт халал өнімдерге деген сұраныстың күн санап артуына орай атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсету, ақпараттық технология заманында халықпен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жасалып отыр.
Сілтеме: http://halaldamu.kz
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Мұсылман елі әлемде күріш импортынан келесі жылы бас тартуға ден қойған алғашқы мемлекетке айналады
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты