|
Ғалымдар ондаған жылдар бойы бас қатырып келген қиындықтың шешімін жасанды зерде тауып берді
|
Лондоннның имперлік колледжінің ғалымдары супербактерияның бір түрінің түрлі, өзге бактерияларға жұғу (зақымдау) тетігіне қалай ие болғанын табаны күректей он жыл зерттеген екен. Ал жасанды зерде бұл сауалдың жауабын бар-жоғы күн ішінде тауып берді. Бұл жайында islam.kz порталы infox ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Google-нің жаасанды зердесінің жаңа құралы тауып берген. Бұл бағыттағы зерттеу негізінде бактериялардың антибиотиктерге төзімділігіне қатысты жүргізілген. Денсаулыққа қауіпті микроорганизмдердің дәрі-дәрмекке бой бермей кетуінен жылына күллі әлем бойынша бірнеше миллион адам опат болады. Мәселен, 2019 жылы супербактериялардан туындаған инфекциялық аурулардан 1,27 млн адам бақилық болған екен. Ғалымдар фагтармен индукцияланатын капсидті (cf-PICIs) құрайтын хромосомды аралшықтарды зерттеді – бұл арада бактерияларды зақымдаушы вирустар турасында сөз болып отыр. Зерттеу өз кезегінде ғалымдардың бұл вирустар өз геномын бактериялық жасушаларға енгізу үшін басқа вирустардан «қалдықтарды» алуы мүмкін деген болжамын растады. Содан соң ғалымдар жасанды зерде технологиясын мүмкіндіктерін бұл тапсырманы қалай орындайтынын тексеріп көрген екен: ғалымдар он жыл бойы жатпай-тұрмай шешімді Google АІ технологиясының жаңа құралы айналдырған екі күнде тауып берген. АІ-дың мұндай мүмкіндігіне ғалымдар еріксіз таң-тамаша қалып отыр. Ғалымдар Google әкімшілігіне хабарласып, өздерінің бұл тараптағы зерттеу жұмыстарына АІ алгоритімінің қатысы бар-жоғын сұраған екен. Белгілі болғандай, жасанды зерде ақпараттарды өз бетінше талдаудан өткізіп, өз гипотезасын ұсынған болып шықты.