Вирус мутацисының қауіптілігі неде
Вирус мутацисының қауіптілігі неде
5 жыл бұрын 3869 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірнеше ай мен 3 млн-нан аса адамға жұқса – бұл вирустың эволюцияға ұшырап, өзгеруіне жеткілікті мерзім мен жеткілікті кеңістік. Кей вирустар, мәселен, бұрыннан белгілі тұмау вирусы ұдайы мутацияланады. Сол себепті, ғалымдар осынау маусымдық індеттің алдын алу әрі таралу қарқындылығын басу үшін жыл сайын жаңа екпе әзірлеуге мәжбүр. Бүгінгідей пандемия тудырып отырған вирустар айтырлықтай тұрақты әрі өзге вирустармен, мәселен, тұмау вирусымен салыстырғанда баяу мутацияланады. Мұндай ерекшіліктің мұндай артықшылы өз кезегінде вирусты мейлінше терең зерттеп, зерделеуге әрі екпені тыңғылықты дайындауға мүмкіндік береді. Алайда, осыған қарап, мұндай вирустар мүлдем мутацияланбайды, деп жаңсақ ойлап қалмау керек. Таяуда жаңа вирустың мутациясы барынша жан-жақты талданған екі бірдей зерттеу материалы жарияланды. Атылмыш зерттеудің бірін Аризона университеті үргізген болатын. Сол жоғарғы оқу орнының ғалымдары Темпелік пациенттің бойындағы вирустан аса күшті делецияны байқаған.

Делеция дегеніміз не? Түсінікті болу үшін аталмыш медициналық ұғымның астарын барынша жатық тілмен түсіндіруге тырысып көрейік: Хромосомалық қайта түзілу (хромосомдық мутация немесе хромосомдық аберрация) – хромосом құрылымын өзгертетін мутация түрі. Хромосомдық қайта түзілу мынадай түрлерге жіктеледі: делеция (хромосом учаскесінің кемуі), инверсия (хромосом учаскесіндегі гендер ретінің өзгеруі), дупликация (хромосом учаскесінің қайталануы), транслокация (хромосом учаскесінің өзгесіне ауысуы), т.б. Хросомдық қайта түзілу өз кезегінде эволюциялық процесте және түрдің өзгеруінде аса маңызды рөл ойнайды. Бұл түрлі аурулармен және ауытқулармен қатар жүретін процесс.

Ал екінші зерттеуді жүргізген АҚШ-тағы Лос-Аламос ұлттық зертханасының ғалымдары індет басталғалы бері мутацияны қадағалап келеді. Лардың гипотезасы бойынша жаңа вирус штамдарының бірі алғашқы штамға қарағанда әлдеқайда жұқпалы болып келеді.

Вирустар мутациясы

Вирустың көшірмелері неғұрлым көп болған сайын соғұрлым мутация орын алады. Дәл қазіргі жағдайда жаңа вирус жылына 25 рет мутацияға ұшырауы мүмкін. Салыстыру үшін алсақ, тұмау вирусы жылына 50 ретке дейін мутацияланады. Мутацияның көбісі бейтарап болып келеді, яғни, олар ештеңеге әсерін тигізбейді. Кейбірі зиянды. Яғни, мутацияның аз ғана бөлігі вирусқа көмектесе алады екен. Таралуына, нығаюына.

0 пікір
Мұрағат