Теңіз суын ауызсуға айналдырудың жолы табылды
|

Мичиган және Райс университеттерінің (Америка құрама штаттары) инженерлері теңіз суын тұшшыландырудың тың әдісін тапты. Аталмыш технология суды тазалау шығынын айтарлықтай төмендетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Water мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стандартты технология суды бор көмегімен тазартуды ұйғарады. Сүзу сатысынан кейін сілті сияқты химиялық зат қосылады, ол бордың электр зарядын өзгертіп, оны қауіпсіз етеді. Десе де мұндай процесс қымбат тұрады әрі электр энергиясын көп қажет етеді. Осы олқылықты ескерген америкалық ғалымдар көміртекті матадан электродтар жасап шығарды. Бірінші кезеңде мембрананың көмегімен тұздың негізгі иондары жойылады, содан кейін су электродтары бар камера арқылы өтеді, онда су молекулалары оң сутегі иондарына және теріс гидроксид-иондарға бөлінеді. Соңғылары бормен қосылады, содан кейін теріс зарядпен ол оң электродтарға бекітіледі, ал басқа заттар суда қалады. Бұл технология қосымша химикаттарды қосуды қажет етпейтіндіктен суды тазарту тәсілін экологиялық жағынан зиянсыз етеді әрі суды тұшшыландыруға кететін шығынды 15 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл технологияны мышьяк секілді аса улы заттардан суды тазартуда бейімдеп қолдануға болады.




