Тәжді тажалдың қанша градуста өлетіні анықталды
Тәжді тажалдың қанша градуста өлетіні анықталды
5 жыл бұрын 11648 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Француз ғалымдары короновирустың 92 градуста 15 минут ішінде толық жойылатынын анықтап білді. Порванс университеті ғалымдарының бұл тұжырымы bioRxiv ғылыми ресурсында жарияланды. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар аталмыш вирусты 60 градуста бір сағат бойы қыздырған. Алайда, мұндай градуста вирустың кей штамдары өсіп-өнуін тоқтатпаған еді. Бір сағат бойы 60 градуста қыздыру пациенттің анализі зерделенетін зертханалардың денінде қолданылатын вирустың белсенділігін жоюдың стандартты протоколы болып табылады. Артынан короновирусты 92 градуста 15 минут бойы қыздырғанда жойылған. Француз ғалымдары тәжірибеде Германиядағы науқастан алынған короновирус штамы жұқтырылған африкалық жасыл маймылдың бүйрек жасушаларын пайдаланды. Жасушалар екі пробиркіге орналастырылды: біреуі - таза, екіншісінде жануардың ақуызы кездеседі. Вирус штамын таза ортада стандартты қыздыру процедурасынан кейін жойылғанымен залалсыздандырылмаған ортада кей үлгілері аман қалған болатын. Вирустың белсенділігін жоюдың стандартты протоколы вирус көп тарай қоймаған ортада олардың белсенділігін жоюға келетін шығар, алайда, вирус дендеген ортада бұл стандартты протоколмен вирустың белсенділігін басу мүмкін емес. Аталмыш тәжірибені жүргізген ғалымдар өздерінің бұл зерттеу нәтижесін вирус жайлаған ортада науқастармен тікелей жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге індеттің жұғу қатерін болдырмау үшін пайдалануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат