Тағам адам генін өзгерте алады
Тағам адам генін өзгерте алады
3 жыл бұрын 2430 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам өз тұтынып жүргені азықтың денсаулығына тигізер әсерін шамалап болса да біледі, алайда, генін өзгерте алатынын ғалымдардың өздері енді біліп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ас-ауқат адамның жасушасына да әсерін тигізіп, организмнің қызметін анықтап береді десе де болады. Тағам мен геннің арасындағы байланыс өз кезегінде адамның қаншалықты ғұмыр сүретініне, денсаулығына, физиологиясына әсер етпек. Моника Дас есімді АҚШ-тағы Мичиган штатындағы университет ғалымы осындай тұжырымға келіп отыр. Білікті маманның сөзіне қарағанда, адам негізінде көміртектен, ақуыздан, майдан тұратын тағамдарды тұтынады. Дәрумендер мен минералдарға бай азық түрлері болғандықтан. Бұл қосындылар ас қорытылған кезде ыдырап, геномдағы генетикалық ажыратып-қосқышты іске қосады. Осылайша ас-ауқат арқылы адам қанашлықты генді өндіре алатыны айқындалады. Мәселен, ет пен балықта көп кездесетін амин қышқылы метиониннің жанама өнімдері жасушаның өсуі мен бөлінуіне әсер етеді. Ал А және С дәрумендері денсаулығымздың сақшысы десе де болады, олар генді зақымданудан қорғайды. Бұдан бөлек, аталған дәрумендер гендер зақымдалса, олардың қалпына келуіне ықпал етеді. Қоректік заттардың генетикалық ақпаратты өзгертіп, ұрпақтан ұрпаққа берілуіне әсерін тигізеді. Осылайша түрлі тұқым қуалайтын, мәселен семіздік секілді дерттің ұрпағына берілуіне де ықпал етеді. Сондай-ақ, қоректік заттар тек жасушаға ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар, ішектегі, терідегі, шырышты қабаттағы микроорганизмдерді де өзгерте алады. Мәселен, нан және жарма фолий қышқылына бай болғандықтан осы қоректік заттардың жетіспеушілігінен туа бітетін ақаулардың алдын алады. 

0 пікір
Мұрағат