Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады (видео)
Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады (видео)
3 жыл бұрын 6452 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралиялық инженерлер жерге жақын орбитаға спутниктерді шығаратын жаңа жүйе жасады. Бұл жайында islam.kz порталы hypersonix.com.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, австралиялық Hypersonix стартап экологиялық қауіпсіз жолмен Wirraway спутниктерін іске қосатын гипердыбысты жаңа жүйе жасай алған. Аталмыш жүйе Delta Velos Orbiter деп аталатын ұшақтан әрі бірінші сатылы Boomerang зымыран таситын құралдан тұрады. Болашақта мұндай құрылғы Атлант мұхитын бір сағаттың ішінде кесіп өтетін гипердыбысты ұшақтарға жарамды болмақ. 

Delta Velos аппараты шағын спутниктерді жерге таяу орбитаға шығара алады. Аталған ұшу аппаратының басты ерекшелігі – экологиялық жағынан қауіпсіз сутегімен жұмыс істейтін төрт гипердыбысты әуе-реактивті қозғалтқыштан тұратын қондырғысында жатыр. Қозғалтқыштар сағатына 14700 шақырым жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді

Hypersonix Launch Systems: Fly to Space from Hypersonix Launch Systems on Vimeo

Ұшу аппаратын керамикалық композициялық материалдардан жасалады.

Ғалымдар Delta Velos-тың кез келген дерлік үдеткішпен жұмыс істей алатынын атап өтті, бірақ, жоғарғы сатысын бірегей жасалуы керектігін алға тартып отыр. Аппарат салмағы 50 келіге дейін  тартатын жүкті  жерге таяу орбитаға немесе гелиосинхронды орбитаға (SSO) шығара алады. Ал бұл жобаның концециясы қарапайым – Boomerang зымыран тасығышының Delta Velos орбиталық аппараты бар.

Wirraway әуе-ғарыш жүйесін пайдаланудың сызбасы. Фото: Hypersonix Launch Systems

0 пікір
Мұрағат