Сусамырдың ұйқы безі обырына ұрындыру қатері бары анықталды
Сусамырдың ұйқы безі обырына ұрындыру қатері бары анықталды
1 сағат бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар 2 типті қант диабеті мен ұйқы безі обырының арасында байланыс барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы JAMA Network Open мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Корея ғалымдары (Сеул ұлттық және мемлекеттік университеті) сусамырдың (2 типті) ұйқы безі кистасының (киста - тіндердегі немесе ағзалардағы патологиялық қуыс, оның қабырғасы мен ішіндегісі туа бітеді немесе жүре пайда болуы мүмкін. Киста - сұйықтық, шырыш, ірің немесе басқа да заттар жиналатын ісік және организм оны зақымданудан немесе инфекциялардан қорғайтын механизм ретінде қалыптастырады), пайда болуына ықпал етеді, ал бұл жайт өз кезегінде қатерлі ісікке бастауы мүмкін. Ұйқы безі (латынша: pancreas) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Қандағы қантты жасушаға тасымалдайды. Осылайша осылайша жасушаның қызметіне қажетті энергияны жеткізу тізбегінде маңызды рөл ойнайды. Әдетте кисталардан қауіп болмайды. Десе де кейде ұйқы безі жасушаларында өзгерістер орын алып, киста қатерлі ісікке айналуы мүмкін. 2-типтегі қант диабеті мен ұйқы безі обырының арасындағы байланыс бұрыннан белгілі, алайда, бұл байланыс күрделі болып келеді. Дәрігерлер алғаш рет 1940-1950 жылдары диабет пен ұйқы безі обыры арасындағы байланыс мүмкіндігін зерттей бастады. Бұдан бөлек, ұйқы безі обырымен ауыратын науқастардың да басқаларға қарағанда сусамыр дертіне шалдығу қатері жоғары. Бұл 2 типті диабетте де, 1 типті диабетте де пациенттерден байқалған. Жалпы алғанда, диабеті бар адамдардың өзге аурудан зардап шегетін науқастарға қарағанда ұйқы безі обырына екі есе жиі шалдығатыны белгілі болған. Ұйқы безі обырының он жағдайының шамамен біреуі артық салмақтан немесе семіздіктен туындайды, ал семіздік жалпы қатердің 80-85 пайызын құрай отырып, 2 типті диабеттің негізгі факторы ретінде алға шығады. Бұл тараптағы зерттеу сусамырмен неғұрлым көп ауырса, ұйқы безі кистасының пайда болу ықтималдылығының соғұрлым артатынын көрсетіп берді. Қант диабетінен ұзақ уақыт зардап шеккен науқастың ұйқы безі кистасының пайда болу ықтималдылығы глюкоза деңгейі қалыпты адамдарға қарағанда 1,37 есе жоғары болады. Сусамырмен 5 жылдан артық ауырған адамның ұйқы безі кистасының пайда болу қатері қант диабетіне шалдығу қатері төнген адамға қарағанда 37 пайызға жоғары келеді. Ал киста пайда болған науқастардың 4,1 пайызы кейін ұйқы безі обырына шалдыққан. 

0 пікір
Мұрағат