Супербактерияның осал тұсы табылды
|
Антибиотикке төзімділікті қалыптастыруға ықпал ететін бактерияның тетігіндегі осал тұс супербактериямен күресте пайдаланылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дрезден техникалық университеті мен Париждегі Пастер институтының зерттеушілері антибиотиктерге бейімделудің бактериялық тетіктен әлсіз немесе осал тұсты тапты. Бұл осал тұс интегралдар жұмысы кезінде – бактериялардың дәрі-дәрмекке төзімділігін қалыптастыруға ықпал ететін гендерінің тез алмасуына мүмкіндік беретін генетикалық құралдан табылған. Ғалымдар бұл тарапта алдымен бактериялық жасушалардың ішінде болатын молекулалық процестерді зерттеді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, төзімділік немесе тұрақтылық гендерінің берілу тетігінің тиімділігі ақуыздар мен ДНҚ-ның нақты аймақтары арасындағы байланыстың беріктігіне байланысты болатыны анықталды. Рекомбиназа ақуызы мен ДНҚ арасындағы байланыс неғұрлым күшті болса, бактериум соғұрлым техірек қарсыласудың (төзімділік) жаңа гендеріне ие болады. Супербактерия күллі әлемнің денсаулық сақтау саласындағы алынбас қамалға айналып келе жатқан тығырық. Супербактерия ең алдымен иммунитеті әлсіреген адамдарға аса қауіпті. Осыны ескерген ғалымдар бұл зұлматтың алдын алу немесе еңсеру жолдарын жатпай-тұрмай іздестіріп келеді. Сондай амалдардың біріне молекулалық тетігін ашудың маңыздылығына ден қойған.