Өздігінен салқындап, желдеткішті алмастыратын цемент пайда болды
Өздігінен салқындап, желдеткішті алмастыратын цемент пайда болды
3 ай бұрын 1196 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Кескін: Guo Lu et al., Science Advances

Қытайдың оңтүстік-шығыс университетінің ғалымдары күн сәулесін 96,2%-ға шағылыстыра алатын цемент ойлап тапты: оның беткі жағындағы температура қоршаған ортадағы температурамен салыстырғанда 5,4 °C-қа төмендейді. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал кәдімгі цемент күн сәулесін сіңіріп, жылу жинайды. Жаңа материал керісінше сәулені сейілтіп, жылуды сыртқа шығарады. Бірегей технологияның құпиясы немесе тетігі неде – цементтің беткі жағында қалыптасатын эттрингит минералының өздігінен шағылыстыратын кристалында жатыр. Ғалымдар цемент жасалатын бөлшектердің химиялық құрамын өзгертті. Әк пен гипсті қоса алғанда минералды тозаңға айналдырып, сумен араластырды. Алынған қоспаны эттрингит кристалдаары өсетін саңылауы бар кремнилік формаға құйды. Мұндай цементте айнаның қасиеті де кездеседі: күн сәулесін шағылыстыра отырып, бір мезгілде атмосферада жинақталған жылуды сәулелендіреді. Сынақ кезінде күн сәулесінің шағылысу коэффициенті 96,2% -ды, ал ұзын толқынды инфрақызыл диапазонда жылу сәулесінің шағылысу коэффициенті 96% -ды құрады. Айрықша материал берік, қысымға төтеп береді, қажалмайды, майыспайды, т.б. сыртқы факторларға төзімділік танытқан. Бұған қоса, амфифобты болып шықты, яғни, су мен май жұқпайды. Ғимараттар жаһандық энергияның шамамен 40%-н тұтынады және атмосфераға көміртекті заттардың 36%-н бөледі. Ал мына цемент желдеткішті алмастыру арқылы энергияны үнемдеугі мүмкіндік береді, осылайша жаһандық жылынуға себеп болған атмосферадағы зиянды қалдықтардың азаюына сеп болады.

 

0 пікір
Мұрағат