Күн реакторы көмірқышқыл газ бен суды жағармайға айналдырады (видео)
Күн реакторы көмірқышқыл газ бен суды жағармайға айналдырады (видео)
3 жыл бұрын 3857 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцариялық ғалымдар шоғырланған күн сәулесінен бөлінген жылуды көмірқышқыл газы мен судан отынға айналдыру үшін пайдаланатын жүйе жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ETH Zurich федералды технология институтының инженерлерінің аталған құрылғысы атмосферадан көмірқышқыл газы мен суды аулап, оларды сұйық отынға айналдыру үшін күн сәулесінің энергиясын пайдаланады. Құрылғының өзі көміртектен ада, ол іске қосылған кезде ауадан аулаған көмірқышқыл газының мөлшеріндей ғана  бөледі. Аталмыш жүйе үш блоктан тұрады: біріншісі ауаны аулайды, екіншісі күн энегриясына жауапты, ал үшіншісі газды сұйықтыққа айналдырады. Бірінші секция айналасындағы ауаны сорып, адсорбцияны (сүзгіні) одан көмірқышқыл газы мен суды бөліп алады. Содан соң ол екінші блокка түседі – онда күн энергиясы химиялық реакцияны тудырады. Параболилік концентратор күн сәулесін «шоғырландырып, Цельсия бойынша 1500 градус температураны қалыптастырады. Арнайы реактордың ішінде көмірқышқыл газынан және судан бөлінген оттегіні сіңіретін церия оксидінен жасалған керамикалық конструкция сутегі мен көміртек оксидін істеп шығарады. Нәтижесінде жанармай немесе метанол секілді сұйық көміртекті отын пайда болады.

0 пікір
Мұрағат