Короновирустың жасанды вирус екеніне тағы бір дәлел табылды
Короновирустың жасанды вирус екеніне тағы бір дәлел табылды
2 жыл бұрын 1386 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс және америкалық ғалымдар коронавирустың биоинженерлік жолмен жасалған болуы мүмкін екендігі туралы дәлелдер тапты. Бұл туралы n-tv арнасына аталмыш зерттеуге қатысқан Вюрцбург университеттік ауруханасының ғалымы Валентин Бруттел айтты. Бұл жайында islam.kz порталы gazeta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Зерттеу нәтижесі бұл вирустың 99,9% табиғи вирустың жасанды көшірмесі екенін көрсетті», деп мәлімдеді Валентин Бруттел. Оның айтуынша, ол Sars-CoV-2 геномындағы аномалияларды 2021 жылдың жазында байқаған және содан бері оның шығу тегін зерттеумен айналысқан. Ғалым коронавирус геномынан синтетикалық вирустарға тән ерекше үлгіні тапқанын, ал табиғи вирустарда блоктар кездейсоқ таралатынын түсіндірді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес SARSCoV-2 «жоғары ықтималдықпен in vitro жиналған, яғни, шыныда жасалған инфекциялық клон ретінде пайда болуы мүмкін». Бұған дейін британдық Lancet медициналық мерзімді басылымында коронавирус бойынша комиссияның екі жылдық зерттеу нәтижелері туралы есебін жариялаған болатын. Ол COVID-19 зертханада пайда болуы мүмкін екені айтылған.

Ұқсас материал:

«Вирус саласын зерттеп, Нобел сыйлығын алған ғалым короновирустың жасанды вирус екенін мәлімдеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/virus-salasyn-zerttep-nobel-syilygyn-algan-galym-koronovirustyn-jasandy-virus-ekenin-malimdedi-13476/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат